Атыраудағы қоқыс полигонындағы өрт толықтай сөндірілді

Жедел қызметтер қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіріп және оқшаулап, оның аумақтан тыс жерлерге таралуына жол берген жоқ.

Фото: Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Тілсіз жауды ауыздықтауға Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен «АрнаулыАвтоБаза» ЖШС-інен барлығы 35 техника және 65 адам жұмылдырылды.

Өрттің жалпы аумағы 2500 шаршы метр шамасында. Қазіргі уақытта аумақта өрттің қайта тұтануының алдын алу мақсатында қосымша мониторинг жұмыстары жүріп жатыр.

Тұрғындарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ.

Облыста қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс жүйесін жаңарту бағытында кешенді бағдарлама іске асырылуда.

Бүгінде 50 гектар аумақта жаңа полигон салу және қолданыстағы полигонды рекультивациялау бойынша мердігер ұйымдар анықталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0