понедельник, 30 июня 2025 г.
icon
520.39
icon
609.58
icon
6.63
Алматы:
icon
28oC
Астана:
icon
21oC
×

Колледж студенттері мен әскерилерге діни тақырыпта семинар өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Күні кеше орталық мамандары қос бірдей білім беру мекемесінде болып қайтты, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Алғашқы жиын Арыс қаласында № 17 Арыс қалалық теміржол колледжінде «Жастар арасында құқық бұзушылық пен кереғар ағымдардан сақтану» деген тақырыппен өтті. Шараға колледж студенттерімен бірге мұғалімдері де қатысып, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Кездесуге қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру» бөлім маманы М.Ержігітов дәстүрлі емес діни ағымдардың арбауына түсіп қалмаудың жолдарын да айтып өтті.

Сонымен қатар, қазіргі ең өзекті проблемалардың біріне айналған экстремизм мен терроризмнің әлемге тигізіп отырған зауалына тоқталған дін маманы оның алдын және одан сақтанудың жолдарын көрсетті.

Дәл осындай іс-шара Шымкент қаласы Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы әскери мектебінде өтті. Бұл кездесуді де Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ ұйымдастырып отыр. Аталған орталықтың «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімін басқаратын Ұлықбек Әлиакпаров әскери мектепте оқып жүрген жеткіншектерге үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін айта келе, теріс діни ағымдардың арбауына түсіп қалмауын тапсырды.

Айта кетейік, биыл Ақтөбе мен Алматыда орын алған лаңкестік оқиғалардан кейін елімізде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Республиканың барлық аумағында құрылған діни ақпараттық топтар ауыл-аудандарды аралап, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, дәстүрлі емес діни ағымдарға төтеп беру.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0