вторник, 1 июля 2025 г.
icon
520.39
icon
609.58
icon
6.63
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
18oC
×

Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінде дін мамандарымен кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  8-9-10 сыныптарына «Керіағар діни ағымдардың психологиялық әдіс-тәсілдері» деген тақырыпта семинар өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Шараны Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі ұйымдастырып отыр. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Семинар барысында «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлім басшысы Ф.Тайтелиев оқушыларға баяндама оқып, сұрақтарына жауап берді.

Кездесуде дін маманы тыңдармандарға діни экстремизм, радикализм және терроризм жайында түсінік ақпарат берді. Сонымен қатар, қазіргі таңда орын алып жатқан діни экстремизм және терроризмнің түрлерін, себептері мен зардаптарын да атап өтті.

Ф.Тайтелиев діни экстремизм мен терроризм әрекетіне қарсы тұрып, радикалды идеялар мен террорлық әрекеттерге қарсы иммунитет қалыптаструдың ең негзі құралы – білім алу, жанжақты болу, беріліп жатқан ақпаратты саралап, дәйекті дәлелдерді іздеу, зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру керек екендігін айқындады. Өз сөзінде орталық қызметкері экстремизм мен терроризм дамыған жағдайда тұтас мемлекеттің жойылуына әкеп соғатынын дәлелдеді.

Сонымен қатар, кереғар діни ағымдардың адамдарды өз қатарларына тарту әдістері мен олардан сақтану жолдары кеңінен түсіндірілді.  Сөз соңында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Өзіңнің биік, таза, рухани қасиетімен Кітап мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады» деген сөзімен аяқтап, жасөспірімдерге тек қана терең білім алу арқылы радикалды топтардан алшақ жүріп, террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеуге болатынын атап өтті. Сонымен қатар оқушылардың көкейде жүрген түрлі сауалдарына жауап беріп, тиісті кеңестер берілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0