Ақтөбе әкімдігі балабақшаларға 200 млн теңге қарыз болып қалды
Ақтөбе қаласында 2018 жылдан бастап мемлекет есебінен балабақша салынбайды. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы енді мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктерге тиесілі болмақ, деп жазады Aktobenews.kz.
«Жыл өткен сайын өңірде бала саны артып келеді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған балабақшаларға да сұраныс жоғары. Біз әр балаға 19 мың теңге төлеуіміз қажет. Қазіргі күні әкімдік 200 миллион теңге қарыз болып жатыр. Бюджет қаржысының сұрауы бар», — дейді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.
Айта кетейік, Ақтөбе қаласында 3-6 жас аралығындағы балалардың 90 пайызы бақшаға барады. Биыл 36 балабақша іске қосылуы тиіс. Оның 11-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынды.
Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
0