Имам марқұм жатқан бөлмеге 40 күн шырақ жағудың қажеті жоқ екенін айтты

Қоғамда қайтыс болған адамның бөлмесіне 40 күн бойы шырақ немесе жарық жағып қою әрекеттері жиі кездеседі. Алайда Нұрлан имам мұндай әрекеттің марқұмға тиер пайдасы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz».

Фото: Instagram/@nurlanimam.kz
Фото: Instagram/@nurlanimam.kz

Имамның сөзінше, бұл дүниедегі жарық о дүниеге жетпейді. Сондықтан марқұм жатқан бөлмеге шам жағу діни тұрғыдан қажетсіз амал.

«Марқұмға жанып тұрған үйдегі шамнан пайда жоқ. Марқұмға қайта күнә болуы мүмкін. Ол сізге “шам жақ” деген жоқ, шам-шырақ болып жан деді. “Ұрпағыңмен, тәрбиеңмен пайда келтір” деді», – деді Нұрлан имам.

Сондай-ақ ол мұндай әрекеттің қауіпті екенін ескертті. Айтуынша, кей адамдар шам жағамын деп үйін өртеп алған жағдайлар болған.

«Бұл дүниедегі жарық ол дүниеге жарық түсірмейді. Сол бөлмеден ары шықпайды ол шам», – деді имам.

Ол марқұмға пайда келтірудің жолы ұрпақтың тәрбиелі болуы екенін жеткізді.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0