«Жүрегім жылап барады»: Қайрат Нұртастың анасы қандай күйде?
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлының қамалуына байланысты қандай күйде жүргенін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/
Қайрат Нұртас қамауға алынған сәттен бастап әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ұлына қатысты жиі ақпарат жариялайтын болды. Жан-жақтан келіп жатқан жұбату, қолдау хаттарды ашық бөлісіп, хейтерлердің де пікірін бөлісіп, оған қатысты өз ойын білдіріп жүр.
Ұшақта отырғанның өзінде: «Көзден жас құлап барады, жүрегім жылап барады. Әттеген-ай, ештеңе айта алмаймын», — деп жазба жариялаған.
Әлеуметтік желідегі оқырмандардың Қайрат Нұртас пен оның анасына деген ықыласы, жұбату, қолдау хаттары толассыз келіп жатқанын да байқауға болады.
Что думаете об этом?
Нравится
4
Мне все равно
10
Забавно
1
Сочувствую
0
Возмутительно
2