пятница, 2 мая 2025 г.
icon
512.34
icon
582.07
icon
6.31
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
8oC
×

Жақында үйленген Нұрболат Қанай жабырқап жүргенін айтып, жан сырын ақтарды

Көпшілікке Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл күйі болмай, уайымға салынып жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Qanay/Instagram
Фото: Qanay/Instagram

«Қанайларыңның көңіл күйі жоқ. Мен негізі ешкімді ренжіткім келмейді. Бәрінің көңіліне қараймын. Менің көңілімді көбі түсіне бермейді. Аңқаумын ба, білмеймін. Бірақ ешкімге жамандық тілемеймін. Арманымды орындау, ойлаған нәрсені жүзеге асыру, одан түскен пайданы үйдегілерге, айналамдағыларға беру – менің міндетім. Нені дұрыс жасамай жүргенімді әлі түсінбей келемін. Не болса да, бәріне көнемін, онсыз да быт-шыт болған жүрек, көңіліме алмаймын. Бұл сынақтар өзімнің жасап жүрген жасырын күнәлардан немесе Алла сынап жатыр», – дейді әнші.

Алайда өнер иесі не болғаны ашып айтқан жоқ.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0