Асхат Тағыбергеннің Дания қақпасына салған голы үздік деп танылды
УЕФА Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуро-2024 іріктеу турнирінің екінші кезеңінде Дания құрамасына соққан голын үздік деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: Kff.kz
Тағыберген Данияға қарсы матчта Каспер Шмейхельдің қақпасына допты алыс қашықтықтан соғып, Қазақстан құрамасының ойынды жеңуіне көмектесті. Ойын нәтижесінде отандық футболшылар 3:2 есебімен қарсыластарынан басым түсті.
2024 жылғы Еуропа чемпионатының ресми аккаунты Асхат Тағыберген керемет голын үздік деп таңдады.
Айтпақшы, отандық футболшылар іріктеу турнирінде өз алаңында екі кездесу өткізді – Словениядан 1:2 есебімен ұтылып, Данияны 3:2 есебімен жеңді.
Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
0