четверг, 15 мая 2025 г.
icon
506.21
icon
568.42
icon
6.3
Алматы:
icon
32oC
Астана:
icon
31oC
×

«Дос-Мұқасан» ансамблі ақша табу үшін тойға шығуға мәжбүр

«Дос-Мұқасан» тобының негізін қалаған, академик Досым Сүлеев аты аңызға айналған ансамбльдың тойға шығып, ақша табуға мәжбүр екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: instagram/dos_mukasan_official
Фото: instagram/dos_mukasan_official

Бұл туралы Досым Сүлеев Youtube-тегі TALKLIKE бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Онда академик "Дос-Мұқасан" тобының қалай құрылғанын және ансамбльдың қазіргі жай-күйі туралы баяндайды. Оның айтуынша, топ мүшелері ақша табу үшін той-томалаққа шығуға мәжбүр.

«Қазіргі заманда ақша табу керек қой. Олар концерттен көп ақша таба алмайды. Оның үстіне концерт күнде бола бермейді ғой. Ал тойда біраз ақша төлейді. "Дос-Мұқасан" деген аты бар. Олар тойға шығуға мәжбүр», - деді Досым Сүлеев.

Биыл «Дос-Мұқасан» ансамбліне 55 жыл толды. Осының құрметіне Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен «Дос-Мұқасан» музыкалық көркем фильмі түсірілген болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0