«Әжеден бір би»: Мың бұрала билеген Жанар Айжанова желіде қызу талқыға түсті
Тойда мың бұрала билеген әнші, актриса Жанар Айжанова желі қолданушыларының қошеметіне бөленді. Олар өнер иесінің биін жоғары бағалауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Фото: instagram.com / zhanar_aizhanova
Жанар Айжанова Instagram парақшасында өзінің 2 млн астам оқырманына тойда билеген видеосын жария еткен.
Әнші 80 жылдары аты аңызға айналған Modern Talking тобының хит әніне билеген.
«Сылдырмақтың әжесінен бір би», — деп жазды видео сипаттамасына актриса.
Жанар Айжанованың биіне оқырмандары таңдай қағып, оған мақтау сөздерін жаудыруда.
«Күшті билейсіз ғой, неге салмай жүрсіз?»;
«О, арықтап, сұлуланып кетіпсіз»;
«Ой, құрдас, он сегізде секілдісіз»;
«Әдемі жарасып тұр»;
«Не деген харизма»;
«Мықтысыз», — деп жазды оған желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Что думаете об этом?
Нравится
1
Мне все равно
1
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
0