Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Талап ауылдық округінде 2019 жылы 19 қарашада «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос орындар жәрмеңкесі» өткізілді. Негізгі мақсат- жұмыссыздықты азайту, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына сәйкес ауданымызда төмен деңгейдегі жалақы алатын қызметкерлердің жалақысын көтерумен қатар жұмыссыз жүрген азаматтарымызды нәтижелі жұмыспен қамтумен және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары ауыл тұрғындарына кеңінен насихаталды.
Өткізіліп отырған шараға 18 мамандық түрлері бойынша 33 бос жұмыс орны ұсынылып, 10 жұмыс беруші қатысты.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуші 7 дербес бөлім тарапынан 18 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.