Болат Назарбаевтың есімі тұңғыш президенттің бауыры ретінде, әрі айтарлықтай жетістіктері жоқ болса да, шалқып өмір сүрген, өзгеге келгенде сараңдық танытып, өзіне келгенде асып-тасыған адам ретінде есте қалды. Оның бойындағы ашкөздік пен сұлу қыз-келіншектерге деген құмарлығы оның репутациясын қалыптастырды деуге болады. Ол үш әйелмен ресми некеге тұрған және олардан бөлек, некесіз біраз келіншекпен көңіл жарастырған. NewTimes.kz шеф-редакторы Артем Волков Болат Назарбаевпен ұзақ қарым-қатынас орнатып, ресми түрде Болат Назарбаевтың тегі берілген балалары бар әйелдер туралы жазады. Ең қызығы, Болат Назарбаев үш әйелмен, Гүлжан, Майра және Гүлнұр Назарбаевалармен бір уақытта заңды некеде тұрған.
1975 жылы 22 жастағы Болат Назарбаев 20 жастағы Гүлжан Айтмұхамбетоваға үйленген. Жас отбасының некесі Назарбаевтардың туған жері – Шамалғанда қиылған. Гүлжаннан Гүлмира, Құндыз және Нұрбол атты үш бала туған. Гүлмира заң саласында мансапқа жеткісі келіп, кезінде тіпті судья болып та қызмет еткен. Алайда, кейін бизнеске кетті. Бірақ, салығының қарызына қарасақ, бизнесте жолы болды деп айту қиын сияқты. Отбасының жақын адамдары Гүлмира әкесіне тартқан дейді: ол үш рет тұрмысқа шыққан, сырттай көңіл білдіргендердің саны да көп болған көрінеді.

Құндыз Назарбаева отбасының құрылыстағы кәсібін жалғап әкетіп, тәп-тәуір бизнес жүргізген. Кезінде бизнесінің табысы да жаман болмаған көрінеді. Ал, Нұрбол Назарбаевтың кім екенін бір ауыз сөзбен айтып жеткізу қиын, оның тағдыры туралы кемінде бір мақала жазуға болады. Алайда, көпшілік оны кіші Назарбаевтың руындағы жаңа патриарх деп санайды. Бұл үш бала Елбасының бауырынан қалған мұрагерлердің ең ықпалдысы.
Бірінші әйелімен заңды түрде ажыраспай жатып Болат Әбішұлы екінші некесін орнатты деуге болады. Ер-азаматтардың көпшілігі сияқты ол да орта жастың дағдарысынан қиналып, ішкі жарасын жазу үшін ойланбай әрекет еткен тәрізді. Бірақ, бұл қадамы қымбатқа түсті.

2001 жылы ол өзінен 9 жас кіші Майра Құрманғалиеваға үйленген еді. Майра Құрманғалиеваның жасы 39-да болатын. Майра Құрманғалиева оған Ханболат есімді ұл сыйлаған. Ханболат бірнеше компанияны басқарғанымен, олардың ешқайсысы жетістікке жете алмады. «Неке туралы» кодексе сай, Қазақстанда көп әйел алуға тыйым салынған, алайда...
Алайда, Майрамен арадағы некесі он жылға жалғасып, арты ажырасу, сот процестерімен аяқталды. Назарбаев Майра Құрманғалиеваның бірінші некеден туған балаларымен де соттасты. Айтпақшы, Майраның Данияр және Жанна есімді бірінші некесінен қалған екі баласы олар ажырасқанға дейін Болат Назарбаевтың тегінде жүрген еді.
Болат Назарбаевтың өзі айтқандай, ол Майраның тағы бір адаммен некелескенін білген соң ажырасуға бел буған. Алайда, Майраның басқа күйеуі туралы ақпарат сол қалпы құпия қалды. Бір сөзбен айтсақ, Майрамен ажырасып, соттасу үшін Назарбаев біраз қаражатын ысырап етті.
2009 жылы бүкіл әлем қаржы дағдарысынан енді ес жиып жатқанда, Болат Назарбаев өзінен 27 жас кіші Гүлнұр Дүйсебаеваға үйленген еді. Осылайша, бұл келіншек Болат Назарбаевтың үшінші ресми әйелі атанды. Гүлнұрға үйленген кезде Болат Назарбаев Гүлжанмен де, Майрамен де әлі заңды түрде ажыраспаған болатын.

Гүлнұр Болат пен Гүлжан үйленгеннен кейін бес жылдан соң туған бойжеткен болатын. Гүлнұрдың жасы мен оның алдыңғы «күндестерінің» арасын 25 және 18 жыл ажыратып тұр. Анасы, яғни, Гүлжан қайтыс болғаннан кейін Болат Назарбаев пен Гүлжанның үлкен қызы Құндыз әкесі мен Гүлнұрды ажырастыру үшін көп күшін сарп етті. Әкесі бұл сот отырыстарына мүлде қатысқан жоқ. Болат Назарбаевтың бірінші әйелі – Гүлжан Назарбаева 65 жасында, 2020 жылдың шілдесінде өмірден озған болатын.
2022 жылдың тамызында Экспресс К басылымы Болат Назарбаевтың әуел баста азаматтық әйелі, кейін заңды әйелі атанған Динара Маметековадан сұхбат алған болатын. Экс-әнші отбасылық өмірі мен Болат Назарбаевпен қалай танысқанын ашық әңгімелеп берген еді. Оның айтуынша, екеуі Қаскелеңдегі жабық кештердің бірінде танысқан.

Маметекованың сөзіне сенсек, Болат Назарбаев екеуі 2012 жылдан бері азаматтық некеде болған. Тіпті, оның айтуынша, бұл некеге Болат Назарбаевтың бірінші әйелі Гүлжанның өзі ақ батасын берген көрінеді. Бұл некеден Еркежан мен Мұхаммед атты екі бала туған. Динара Маметекова ақыр соңында Болатпен ресми некеге тұрып, Динара Назарбаева атанған. Айта кетейік, Динара өнер адамы, ол Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігіне қарасты «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ансамбліне жетекшілік еткен.
Назарбаевтың қиын әрі кей-кездегі қисынсыз әрекеттеріне байланысты, оның қай баласы қай әйелінен, қай балалары некесіз туғанын нақты айту қиын. Оның мұрасын бөлер кезде кемі 13 адам мұрагер ретінде бас көрсеткен. Көбісінің есімі бұрын-соңды еш жерде айтылмаған.
Болатұлы Болатхан, 2012 жылы 7 ақпанда туған;
Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 2001 жылы 21 қыркүйекте туған;
Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жылы 18 мамырда туған;
Назарбаев Елнұр Болатұлы, 2013 жылы 19 тамызда туған;
Назарбаев Болат Болатұлы, 2014 жылы 17 қазанда туған;
Назарбаев Ақбар Болатұлы, 2016 жылы 23 қарашада туған;
Назарбаева Нұрбану Болатқызы, 2018 жылы 9 шілдеде туған;
Болатқызы Томирис, 2013 жылы 30 шілдеде туған;
Болатқызы Аруназ, 2016 жылы 30 қаңтарда туған:
Назарбаев Ханболат Болатұлы, 2002 жылы 17 ақпанда туған;
Назарбаева Альбина Болатқызы, 2003 жылы 7 маусымда туған;
Назарбаев Хантөре Болатұлы, 2018 жылы 26 қаңтарда туған;
Назарбаева Жанель Болатқызы, 2010 жылы 3 қарашада туған.
Жалпы, Болат Назарбаевтың негізгі мұрагері ретінде ұлы Нұрбол (ақыр соңында осы ұлы әкесінің ірі мұраларына ие болып қалған еді) мен соңғы әйелі Динара болып есептелген.
Болат Назарбаев қайтыс болғаннан кейін Гүлжан Айтмұхамбетованың жанына жерленген болатын, дегенмен алғашқы махаббаты ғой...
2022 жылдан кейін Елбасының бауыры Болат Назарбаевтың империясы ірі активтері мен қаржысынан айырыла бастады. Бірақ, қам жемеңіздер, оған қарамастан отбасының ақшасы азая қойған жоқ.