четверг, 9 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Құралай Нұрқәділованың анасымен түскен видеосы жұртты сүйсінтті

Отандық дизайнер Құралай Нұрқәділова шет елден оралған соң анасымен кездескен сәтін көрсетті. Ол видеоны Instagram парақшасына жүктеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Құралайдың айтуынша, ол балаларымен Дубай қаласынан бірнеше күн бойы қайта алмаған.

«Анам дауылдан кейін 5 күн бойы елге оралай алмай қалғанымызға қатты уайымдады. Күллі Қазақстан мен әлем суға батып жатыр. Бекем болыңыздар», — деп жазды Заманбек Нұрқәділовтің қызы.

Ал видеода дизайнердің анасы қызына қатты алаңдағанын айтады.

«Рас па, өтірік пе? Қазақстанның суынан қашып, Дубайдың суына бардың. Аман-есенсіңдер ме?Ауырған жоқсыңдар ма? Енді шет елге шықсаңдар, мені алып кетіңдер, қорғап жүремін. Дубайды көремін: жерде қайықпен жүр, ұшақтар суда тұр. Қазақстаннан қашып, мына қыздың барған жерін қара. Не тындырдыңдар? Арабқа, бір шейхтың ұлына тұрмысқа шығып кетпеңдер», — дейді ол.

Көпшілік жазба астына түрлі пікір жазып қалдырды.

«Анасы сұлу екен», «Анаңыз әлі де сымбатты екен», «Керемет, жарасымды», «Аман болыңыз», «Өте керемет ана екен», — деп жазды олар. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0