Бүгін Астанада ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Дін істері комитетінің ұйымдастырылуымен «Әйелдер ұйымдарының жастар арасында діни экстремизмнің алдын алудағы рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Модератор – Айнур Әбдірәсілқызы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам қоғам министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры жүргізген іс- шара өте маңызды сұрақтар мен мәселелерді қамтыды. Қатысушылардың баяндамалары барысында дін, ұлт, ұлттық рух, патриотизм, тәрбие соның ішінде «қызға қырық үйден тыю» ал «ер азаматтарға отыз үйден тыю» тақырыбы аясында сөз қозғалды, қазіргі таңда әйелдер ұйымдарының қызметтері, ол жобалардың сәтті жүзеге асырулары мен жүргілізген іс-шараларына тоқталып өтті. Конференция барасында сұрақ –жауап, пікір- таластарға да орын берілді. Өздерінің кәсіби және өмірлік тәжірибелерімен бөліскен баяндамашылар қатарында Зейнеп Әскерқызы Ахметова «Заманауи қазақстандық қоғам өміріндегі ұлттық рухани құндылықтар», ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшысы, «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығының Төрайымы Ш.В. Сыздықова бірқатар еліміздегі отбасы құру мәселесін талқылай келе әйелдер ұйымдарын белсенді жұмыс істеуге шақырды, сонымен қатар Павлодарлық әріптестеріміз өздерінің экстремизм, терроризмге байланысты тәжірибелерімен бөліссе, ал Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жастар саясатын дамыту бөлімінің басшысы Н.Қ. Қайдауылованың «Қыз Жібек» клубының жоғарғы оқу орындарының қабырғасындағы жұмыстармен таныстырып өтті. Ұзаққа созылған конфернция нәтижесі бойынша мынадай: мемлекетімізде ұлттылықты насихаттайтын арнайы мектептерде пәнді енгізу, елімізде коммунизм келгенге дейінгі болған ғұлама Әл-Фараби, Яссауи т.б. ғалымдардың еңбектеріне жастарды баулу және де әйелдер ұйымдарына жастармен жұмыс жасауда әлеуметтік желілер арқылы белсендірек болулары туралы бірқатар ұсыныстар қаралды.
Конференция ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкиннің елімізде еңбасты капитал – адам өмірі екендігі атай отырып, терроризм, экстремизм мәселесін алдын алуда тек әйелдер ұйымы емес сонымен қатар кез келген еліне, жеріне, отбасына, дініне, ұлттық құндылықтар мен зайырлылықтың сақталуына әрбір азамттардың жанашырлықпен қарауына көңіл бөліп ойын бөлісті.
Бұл іс шараға ОҚО Дін істері басқармасы «Дін мәселелрін зерттеу орталығы» МКМ-нің «Ақпарттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру» бөлімінің психолог маманы М.А.Усимбекова, Арыс қалалық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ш.Нұртазаева және де Кентау қалалық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д. Асқынбай белсенді қатысып, өзге өңірлерден келген әріптестерімен ақпарат алмасты.