Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ғизат Әліпов ауылында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің авторларының бірі, көрнекті ақын және жазушы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті.
Іс-шара ақынның білім алған мектебінде ұйымдастырылып, оның бай шығармашылық мұрасын дәріптеуге бағытталды.
Шараға Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев, қоғам қайраткерлері, белгілі ақын-жазушылар, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Жиынның ең маңызды бөлігі — Жұмекен Нәжімеденовке арналған жаңа мұражайдың салтанатты түрде ашылуы болды.
Мұражай экспозициясында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды деректер, сирек материалдар, қолжазбалар мен мұрағаттық құжаттар қойылып, келушілерге тұлғаның өнер жолын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
Қатысушылар сонымен бірге Ұлттық музей мен облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің экспозицияларының виртуалды нұсқаларын тамашалап, ақын мұрасына заманауи форматта көз жүгіртті.
Жиын соңында ас беріліп, келгендер ақынның рухына тағзым жасалды.
Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған бұл шара — ұлт мәдениетін байытқан ұлы тұлғаға көрсетілген зор құрмет пен қадірдің айқын көрінісі болды.