Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қорытынды концерті өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы — еліміздегі тұрақтылықтың, халықтар арасындағы өзара құрмет пен татулықтың жарқын көрінісі.

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Көпэтносты Қазақстан халқы осы жылдар ішінде мәдени алуандық пен ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, бірліктің бағасын терең сезінген бір қауым елге айналды.

Бүгінде 130-дан астам этнос өкілі бір үйдің баласындай тату өмір сүріп, ортақ құндылықтарды бірге дамытуда.

Мерейтой шеңберінде Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қорытынды концерті ұйымдастырылды.

Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұртшылыққа ел бірлігінің маңызын атап өтіп, құттықтау лебізін жеткізді.

Өңір басшысы Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан ел бірлігін нығайту, татулық пен келісімді сақтау, рухани мәдениетті дамыту ісіне елеулі үлес қосқан азаматтарға «Бірлік» алтын медалі мен алғыс хатын табыстады.

Сондай-ақ бірқатар белсенді азамат облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сахнада өңірдің этномәдени бірлестіктері мен Достық үйінің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ұсынып, түрлі этностардың ұлттық ерекшелігі мен мәдени құндылықтарын таныстырды.

Еліміздің әрбір жетістігі мен дамуы — татулық пен өзара сыйластықтың жемісі. Ынтымағы жарасқан халықтың болашағы нұрлы, ал Отанымыздың өркендеуі — әр азаматтың ортақ борышы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: