25 қазан күні Атырау қаласындағы Мемлекеттік рәміздер алаңында Республика күніне арналған Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты шарасы өтті.
Мемлекеттік гимн орындалуымен биіктігі 91 метр болатын тұғырға көк байрақ көтеріліп, аспан астында байрағымыз желбіреді.
Ұлттық мереке шарасына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, мемлекеттік және аймақтық мекемелердің өкілдері, спортшылар, әскери қызметкерлер және қала тұрғындары қатысты.
Жалпы, іс-шараға 600-ден астам атыраулық жиналды.