пятница, 11 июля 2025 г.
icon
518.97
icon
607.3
icon
6.64
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
18oC
×

Нариман Төреғалиев ветеринариялық қызметке 106 жаңа автокөлік табыстады

Бүгін Батыс Қазақстан облысында ветеринариялық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды шара өтті, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың қатысуымен ауылдық округтердегі ветеринар мамандарға 106 бірлік қызметтік автокөліктің кілтін табыс ету рәсімі оздырылды. Бұл көліктер заманауи ветеринариялық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған және елді мекендерде ветеринариялық қызметтің жылдам әрі тиімді болуын қамтамасыз етпек.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының ветеринария саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Ветеринариялық ұйымдарға жаңа автокөліктерді табыстау — ауыл шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мал ауруларының алдын алуға және ветеринариялық бақылауды күшейтуге сеп болады.

«Өңірімізде ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын ветеринариялық пункттермен, мал қорымдарымен, автокөліктермен жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылуда. Соңғы екі жылда халықтың өмірін қамтамасыз ететін салалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 10 млрд теңгеге төтенше жағдай, орман шаруашылығы, коммуналдық шаруашылығы, ветеринария, білім мен денсаулық салаларына 700-ге жуық арнайы техникалар сатып алынған болатын. Ал биыл облыс бойынша 5 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 200-ге жуық арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Соның аясында жуырда «Батысирригация» мекемесіне 18 бірлік, бүгін ветеринариялық станцияларға 106 арнайы техника берілді», — деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Бұл бастамалар өңірдегі ветеринариялық және аграрлық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: