Райм мен Ерке АҚШ-тың төрт қаласында концерт өткізеді
Жұлдызды жұп Америка Құрама Штаттарында концерт өткізетіндері туралы Ерке Есмахан Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».
Ерке Есмахан әлеуметтік желіде концерт кестесін жариялаған. Өнер иелері концертті қыркүйектің 4-і Хьюстон қаласында бастайды. Кейін Чикаго мен Лос-Анджелестегі тыңдармандарын қуантпақ. Гастрольдік сапарды Нью-Йорк қаласымен аяқтайды.
Ерке Есмаханның оқырмандары жаңалыққа қуанышты екендерін жарыса жазуда. Жұлдызды жұпқа сәттілік тілеп, пікір білдіруде. Америкадағы тыңдармандары да әншілерді асыға күтуде. Әріптестері ерлі-зайыптыны барынша қолдап жатыр.
«Сіздер үздіксіздер», «Осындай деңгейге көтеріліп жатқандарыңыз сүйсіндіреді», «Міне, жаңалық деген осы! Мықтысыздар», «Сіздерге ақ жол», «Құшақ жая қарсы аламыз», «Асыға күтеміз», - деп желі қолданушылары пікір білдіруде.