Танымал мобилограф Қыран Талапбек «Құрмет» орденінің иегері атанды
Танымал мобилограф Қыран Талапбек «Құрмет» орденінің иегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ кәсіпкер Сырымбек Таудың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: instagram.com/syrymbek_tau/stories
«Сүйінші! Құтты болсын «Құрмет»! Лайықтысың», — деп жазды Сырымбек Тау Instagram-дағы жеке парақшасының Stories бөлімінде.
Қыран Талапбек Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген бірқатар ел басшысын видеоға түсіріп, оны Instagram-дағы парақшасында жариялады. Басқа президенттер мобилографтың бейнежазбасын қабылдамаса да, Моңғолия басшысы аталмыш коллаборацияны бірге жариялауға келісімін берген.
Что думаете об этом?
Нравится
1
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
1