«Рас па, жаным?»: Нұрлан Әлімжан мен Әйгерім Қалаубаева қуанышты жаңалығын бөлісті
Белгілі актер Нұрлан Әлімжанов пен әнші Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Фото: inbusiness.kz
«Құрметті, достар! Сіздермен жаңалығымызбен бөліскіміз келіп тұр! Жаңа бейнебаян! Нұрлан Әлімжанов & Айкерім Қалаубаева. «Рас па, жаным?» 29.06.24 / 19:00 Жуырда! Премьера! Әзірге әнді тыңдай тұрыңыздар!» - деп жазды әнші.
Әншінің оқырмандары жұпқа қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырған.
«Екі жүрек бір-біріне арналған иә, рас па жаным?», «Керемет жұп», «Алақай. Өмірде бірге болмағандарыңыз өкінішті», «Керемет», «Бақытты болуға лайықтысыңдар», «Мағынасына қарағанда бір жақсы жаңалық бар сияқты. Жақсы бейнебаян күтеміз», - деп жазды оқырмандар.
Что думаете об этом?
Нравится
2
Мне все равно
1
Забавно
0
Сочувствую
10
Возмутительно
0