пятница, 2 мая 2025 г.
icon
512.34
icon
582.07
icon
6.31
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
18oC
×

«Басын жарамын»: Мақпал Жүнісова көпшілікке үндеу жасады

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалғанын айтып, оқырмандарына ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фото: соцсети
Фото: соцсети

«Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Мұны кімге айтуға болады? Соттасып жүретін уақыт та жоқ, концертке дайындық керек. Осыдан сіздерді тауып алсам!» – деп үндеу жасады Мақпал Жүнісова.

Что думаете об этом?
Нравится 5
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 5
Возмутительно 0