вторник, 17 июня 2025 г.
icon
511.92
icon
588.91
icon
6.44
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
20oC
×

Қазақстандық продюсер тойға қыруар қаржысын жұмсайтындарға шүйлікті

Продюсер Алуа Қонарова тойға көп адам шақырып жарысатындарға шүйлікті. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында халықтың бұл әдеттен қашан құтылатынына алаңдады, деп «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Facebook/Алуа Конарова
Фото: Facebook/Алуа Конарова

«Біз қыруар қаржымыз бола тұра, қарапайым бола аламыз ба? Ол үшін қанша ұрпақ ауысуы керек?

Бізде той болсын, басқа болсын, мақтануға дайынбыз. Кімнің көйлегі әдемірек? Кімнің көйлегі Миланнан алынды?

Киген киім құдағидың көйлегінен арзан болып қалса,

Құдай сақтасын! Тойға әртіс шақырып, қанша ақшасы барын көрсетуге тырысады. Білім мен саяхат, жан-дүниенің байлығымен жарыспайды.

Жарысу үшін тойға 500 адам шақырады», — деп жазды продюсер.

Что думаете об этом?
Нравится 15
Мне все равно 1
Забавно 3
Сочувствую 1
Возмутительно 9