Назарбаев «құлап бара жатқан» инсталляция пайда болды
Желіде Назарбаев «құлап бара жатқан» инсталляцияның видеосы тарады. Massaget.kz тілшісі инсталляцияны өз көзімен көріп, фото және видеоға түсірді.
Фото: Massaget.kz
Инсталляция Алматыдағы Әскери мәжіліс үйінде орналасқан. Авторы Ербосын Мелдібеков.
Автордың сипаттамадағы мәліметінше, топтама мүсін қиратылған сәтте тұғыры ғана қалған Назарбаевтың ескерткіштері түріндегі инсталляциялардан тұрады.
- біріншісінде 1992 жылы Алматыдағы Дзержинский ескерткішінің қираған сәті;
- екіншісінде 1962 жылы Прагада Сталин ескерткіші жарылған сәт;
- үшіншісінде 2014 жылы Харьковтегі Ленин ескерткішінің құлап бара жатқан сәті;
- төртіншісінде 2003 жылы Бағдадтағы Саддам Хусейн ескерткішін қирату сәті;
- бесіншісінде 2022 жылы Талдықорғандағы Назарбаевтың өзіне қойылған ескерткіш құлатылған сәт екені аңғарылады.
Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
2
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
1