Фариза Төреәлі тұңғышының жынысын көпке жария етті
«Ұлы дала баласы» Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі тұңғышының жынысын қалың көпшілікке жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фото: видеодан кадр
Желтоқсан айының басында тұла бойы тұңғышын дүниеге әкелгенін хабарлаған блогер ару сәбиінің жынысын енді ғана жария етті.
Фариза Төреәлі Instagram парақшасында гендер-патидің видеосын жүктеп, оны көпшілік назарына ұсынды. Бейнежазбадан отбасылық шараға ерлі-зайыптының ет-жақындары ғана қатысқанын көруге болады. Айта кету керек, Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлінің гендер-пати шарасы жаз мезгілінде болған.
Ерлі-зайыпты жақындарының қолдауымен сәбиінің қыз бала болатынын білген. Олар арнайы шкафты ашып, оның ішінен қызғылт түстес шарлар шыққан.
Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
0