«Азайып қалды»: Бекболат Тілеухан табысы туралы айтты
Экс-депутат, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті Бекболат Тілеухан табысы туралы айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: parlam.kz
Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында бөлісті.
Оның айтуынша, қазір ол киноға түсіп жатыр.
«Құпия ештеңе жоқ. Келгенде 7 мың доллар (3 млн 249 мың 20 теңге - еск.) болған, қазір енді мұнда инфляция болып жатыр ғой. Сонымен азайып қалды. Қазір 4 мың 200 доллардай (1 млн 949 мың 412 теңге - еск.). Қанағатыңа байланысты. Негізі жетеді. Ел бар, жұрт бар. Жоқ десең, жоғалып қаласың», — дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін экс-депутат Бекболат Тілеухан қазір немен айналысып жүргенін хабарлаған едік.
Что думаете об этом?
Нравится
1
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
1