«Аумайсыздар»: Актер Жахан Отарғалиев өзінің егізін жолықтырды
Отандық актер Жахан Отарғалиев өзіне ұқсайтын жігітті жолықтырды. Олардың видеомен сөйлескен сәті әлеуметтік желіге тарап кетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev
Видео «Өмірлік кеңес» Instagram парақшасында жарияланған.
«Жахан өзінің егізін тапты. Ұқсайды ма?» - деп жазылған видео жазбасында.
Ал видеодан Жаханның өзіне аумайтын жігітті көргенде күлкіге ерік беріп, таңғалғанын көруге болады.
«Екеуіміздің әйелдеріміз де ұқсайды ғой», - деді Жахан Отарғалиев күліп отырып.
Желі қолданушылары да актер мен жас жігіттің ұқсастығына таңғалғанын жасырмай, пікір қалдырды.
«Аумайсыздар», «Жақсылап күліп алдым», «Шаш үлгісі ұқсайды», - деп жазды желідегілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Что думаете об этом?
Нравится
7
Мне все равно
2
Забавно
2
Сочувствую
9
Возмутительно
6