Жарыс алаңына шыққан қарындасын қолдаған бала Қазнетті тәнті етті
Әлеуметтік желіде спорт жарыстарының бірінде қарындасына қолдау көрсеткен баланың видеосы тарады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Фото: кадр из видео
Кадрлардан шаршы алаңға шыққан қарындасына тілеулес болған ағасы кездесу аяқталған соң оны құшақтап, су беретіні көрінеді.
«Ағасы мен қарындасының бауырмалдығы көзіме ерік берді», — делінген видеода.
Әлеуметтік желі қолданушылары да жантебірентер көрініске жылы лебіздерін жазған.
«Осындай бауырмал болу керек»,«Жаным»,«Ағасынан болашақ әлем чемпионын көрдім», «Жаным-ау құшақтап қояды бауыр деген бауыр етің ғой», «Міне, аға деген осындай болу керек», — дейді олар.
Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
1