Қытайлықтар Абай әндерін орындап жүр
Қытайда жергілікті өнерпаздар Абай әндерін орындап жүр. Сиань қаласының орталығында «Көзімнің қарасы» шырқалды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Сиань - жер шарындағы ежелгі қалалардың бірі. Көне қаладан кезінде Ұлы жібек жолы бастау алған. Мұнда жергілікті халық қазақ ән-күйінен хабардар. Абайдың «Көзімнің қарасын» өнерпаздар орындап жүр.
Айта кетейік, Сианьда мұсылмандар мешіті да бар екен. Бұл - тарихи орын. Қытайдағы ең ірі төрт мешіттің бірі. Қытай халқы бұл діни орынға аса құрметпен қарайды. Мемлекеттің арнайы қорғауында әрі мәдени ескерткіштер тізіміне енген.
Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
3