«9 ота жасалған»: Адам танымастай өзгерген 53 жастағы әйел Қазнетті таңғалдырды
Адам танымастай өзгерген әйел Қазнетті таңғалдырды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: Видеодан алынған кадр
Видеода Айнагүл есімді әйелдің 8 наурызда сұлулық салонына шақырылғаны туралы айтылған. Айнагүл 53 жаста, ол ешқашан сұлулық салонында болып көрмеген, өмір бойы шашын өзі қиып келген.
Айнагүлге 9 ота жасалған, ол 4 жыл бойы мүгедектер арбасына таңылған. Айнагүл мен оның немерелері оның жаңа образын көріп таңғалды.
Желі қолданушылары әйелге жаңа образ сыйлаған ұйымдастырушыларға разылығын айтып, түрлі пікір қалдырған.
«Өте әдемі әйел екен»; «Көп рақмет, Алла сауаптан жазсын»; «Қандай керемет, әйелге сондай күшті эмоция сыйладыңыздар»; «Қолың дерт көрметсін, керемет»; «Жарайсыңдар, дами беріңдер»; «Ең бастысы, Айнагүлге ұнағаны», — деп жазған олар.
Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
1
Забавно
3
Сочувствую
1
Возмутительно
43