суббота, 3 мая 2025 г.
icon
512.34
icon
582.07
icon
6.31
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
6oC
×

Томиристі сомдаған актриса «Қазақша жаза алмаймын» деп сынға қалды

«Томирис» тарихи туындысында сақ патшайымын сомдаған Альмира Тұрсын сұлулық байқауында жеңіске жеткенін хабарлаған жазбасын орыс және ағылшын тілдерінде жазған. Себебі, актриса қазақ тілінде жаза алмайды екен.

Фото: Серикжан Ковланбаев
Фото: Серикжан Ковланбаев

Ал, желідегі оқырмандары Альмира Тұрсынның бұл әрекетін қатты сынға алып отыр. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Альмира Тұрсынның инстаграм парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Кейбір адамдар ұрсып сұраған. «Неге қазақтың қызы қазақша сөйлемейді? Қазақша жазбайды?» деп. Негізінде мен қазақша сөйлей аламын. Бірақ, жаза алмаймын. Себебі, мектепте оқығанда, университетте оқығанда орысша оқыдым», - дейді ол.

Және желіге жариялайтын жазбаларын қазақ тіліне аударып отыратын редактор іздейтінін айтқан.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 2
Забавно 9
Сочувствую 1
Возмутительно 1