Белгілі ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр
Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз, деп жазады sn.kz.
Фото: sn.kz
Белгілі ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат тарады. Бұл туралы айтыскер ақын, жыршы-термеші Дидар Қами Instagram-парақшасында бөліскен.
«Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз! Сіздер де дұғаларыңызға қосып ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен!» - деп жазды Дидар Қами.
Что думаете об этом?
Нравится
2
Мне все равно
34
Забавно
0
Сочувствую
1
Возмутительно
5