«Көбі хайп үшін»: Ерке Есмахан хиджабты ойыншық қылған әріптестерін сынады
Белгілі әнші Ерке Есмахан орамал тағып, бүркеніп жүрген әріптестеріне сын айтты, деп хабарлады «Экспресс К».
Фото: instagram.com/erke_esmahan
Оның пікірінше, жұлдыздардың көбі орамалды «хайп үшін тағады» екен. Оны әнші көріп те, біліп те жүр.
Өнер иесі өз ойын Instagram-дағы парақшасында жазды. Оқырмандардың бірі оған сұрақ-жауап бөлімінде «сіз де болашақта өзге жұлдыздар сияқты орамал тағатын шығарсыз?» - деп сұрайды. Ол сұраққа әнші әзірге дайын емеспін дегендей сыңай танытты.
«Орамалға келген әр пенденің ниетін білуші әрине, бір Алла. Бірақ, көп деген әншілер орамалға сәйкес емес іс-қимыл мен хайп, контент үшін жасалып жатқан дүниелерді көргенде жаным ашиды», — дейді Ерке Есмахан.

Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
0
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
0