понедельник, 7 июля 2025 г.
icon
519.51
icon
611.83
icon
6.6
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
18oC
×

Салық әкімшілігі Мәдина Сәдуқасованың банктегі шоттарын бұғаттап тастаған

Мәдина Сәдуақасованың басына қара бұлт үйірілді. Салық органдары әншінің барлық жеке шоттары мен депозиттерін бұғаттап қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: @sadvakasovamadina
Фото: @sadvakasovamadina

Ақшаны картада ұстап үйренген Мәдина қолында қалған соңғы тиындарын көрсетті.

«Менің барлық шоттарымды, депозиттерімді салық органы бұғаттап тастапты. Не үшін екенін білуге келдім. Не істеп қойдым мен? Есепшімді күтіп отырмын», - деп басына түскен жайтты баяндады Сәдуақасова.

Әнші көп ұзамай мәселенің анық-қанығына жетті.

«Шоттарымның арестке қойылуы ЖК-мен (жеке кәсіпкер) байланысты екен, бірнеше күнде шешілуі керек. Бірінші жолы ескерту жасайды екен. Қолма қол ақша жоқ екен менде, соңғы тиындарымды санап қалдым», - деді әнші.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0