воскресенье, 3 августа 2025 г.
icon
543.24
icon
619.89
icon
6.78
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
15oC
×

Шашы тақыр Айгүл Иманбаева оқырмандарын алаңдатып қойды

Актриса Айгүл Иманбаева соңғы кездері хейтерлердің назарына жиі ілігіп жүр. Бұл жолы актриса шашын тақырлап, елдің талқысына түсті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Сәлем достар! Шашымның жағдайы осылай болды. Қалай ойлайсыздар, осылай қалдырайын ба, өсірейін бе?» — деді Иманбаева.

Кадрдан актрисамен бірге Жұлдыз Әбдікәрімованы байқауға болады. «Аман болса басыңыз, өсер әлі шашыңыз», деп күледі ол.

Қос өнер иесі түсірілім алаңында бас қосқан ұқсайды. Дегенмен, желі қолданушылары Иманбаеваның қалжыңын орынсыз деп бағалады. Оқырмандар арасында Айгүлдің айтқанын шынайы қабылдап, тіпті ол үшін алаңдап қалғандар бар.

«Онкология ма?», «Аман-саусыз ба?», «Расымен алып тастадыңыз ба?», «Биттеп кеткен жоқ па?», «Танымай қалдым», — деп жазды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 20
Мне все равно 8
Забавно 2
Сочувствую 25
Возмутительно 2