Жағдайы нашарлаған Ерке Есмаханға дәрігерлер ота жасайтын болып шешім қабылдаған
Қазақстандық әнші Ерке Есмаханның денсаулығының нашарлағаны жайлы белгілі болды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Фото: Instagram / Erke Esmahan
Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасындағы Stories-та жариялады.
«Денсаулығым сыр беріп, өзімді өте жаман сезініп жүрдім соңғы күндері. Байқасаңыздар, анализ тапсыруымен өтті 2 аптам. Әлсіз тұсымды осы кезге дейін ешқашан білдірмейтін едім сіздерге, қатты қорыққанымнан жазып отырмын. Ертең маған операция жасайтын болып шешті дәрігерлер. Сөздермен аман-есен қауышайын. Тілек тілеп қойыңыздар! Алла жар болсын!» ― деп жазды Ерке Есмахан.

Что думаете об этом?
Нравится
0
Мне все равно
2
Забавно
0
Сочувствую
0
Возмутительно
0