воскресенье, 8 июня 2025 г.
icon
510.19
icon
582.79
icon
6.46
Алматы:
icon
26oC
Астана:
icon
13oC
×

Қызылордаға өкпені жасанды желдету аппаратын әкелу үшін халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнатылды

Қызылорда облысында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасымен облысты қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Республикалық бюджет есебінен 68 өкпені желдету (ӨЖЖ) аппаратына қосымша тапсырыс берілді.

Фото: static.akipress.org
Фото: static.akipress.org

Сонымен бірге, жақын күндерідемеушілік көмек ретінде Түркия мемлекетінен 10 ӨЖЖ аппараты ауруханаларға жеткізілетін болса, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан Байқоңыр қаласындағы ауруханаға 1 аппарат әкелінетін болады.
Облыстағы ауруханаларда бүгін жұмыс жасап тұрған өкпені жасанды желдету аппараттар саны 64 болса, оның 29-ы — қалада, 25 аппарат аудандық ауруханаларда орналасқан. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0